Македония мен Болгария 1 тамызда екі ел арасындағы бұрынғы алауыздықтарға нүкте қойып, достық жөнінде келісімге қол қойды, деп хабарлайды Qamshy.kz ақпарат агенттігі. Келісім Македонияның Еуропалық одаққа мүше болуына мүмкіндікті арттырады.
Македонияның шығыстағы көршісімен бұған дейінгі ара-қатынасы елдің НАТО мен ЕО құрамына кіруіне кедергі келтірген. Екі мемлекетті діни, тарихи және тілдік қатынастар байланыстырғанымен, Болгария македониялық тілді болгар тілінің диалектісі деп мойындамай келген.
Ел астаналары Скопье мен София жаңа келісімінің арадағы алауыздықты жоятынына сенімді. Достық жөніндегі келісім «екі ел арасындағы және бүкіл аймақтағы саяси қарым-қатынастарды тұрақтандыруға мүмкіндік береді» деді Македонияның премьер-министрі Зоран Заев Болгария премьер-министрі Бойко Борисовпен келісімге қол қою барысынан кейін.
Келісімге сәйкес, НАТО мен ЕО құрамында бұрыннан бар Болгария енді Македонияның да аталмыш ұйымдарға мүше болуы үшін қолдау танытатын болады. Екі мемлекет те экономикалық байланысты нығайтып, аумақтық наразылықтардан бас тартатынын мәлімдеді.
Пікір қалдыру