Венесуэла президенті Сыртқы істер министрлігіне жаңа басшы тағайындады

/uploads/thumbnail/20170803114630267_small.jpg

Венесуэла президенті Николас Мадуро Қоршаған ортаны қорғау министрі Хорхе Арресаны Самуэль Монкаданың орнына СІМ басшысы етіп тағайындады. Бұл туралы мемлекет басшысы сәрсенбі күні Venezuela de Television арнасына берген сұхбатында айтты, деп хабарлайды Qamshy.kz ақпарат агенттігі.

«Мен Хорхе Арресаны Сыртқы істер министрі етіп тағайындадым», - деді ол.

Мадуроның айтуынша, Монкадо «арнайы міндеттерді» атқаратын болады. Ол Вашингтонға Солтүстік Америка СІМ басшысының орынбасары, америкалық мемлекеттер ұйымдарының өкілі ретінде барып, Венесуэланың абыройын қорғайды.

Арреса Қоршаған ортаны қорғау министрінен бұрын Жоғарғы білім, ғылым және технология министрі, сондай-ақ вице-президент болған.

Айта кетейік, сәуірден бері президент Николас Мадуроның саясатына қарсы елде наразылық шеруі өтіп келеді. Соның салдарынан бірнеше адам қаза тапқан, зардап шеккендері де көп.  

Сондай-ақ, АҚШ-тың Венесуэлаға қарсы санкциялар енгізбек ойы да хабарланған. Санкция шаралары америкалық шикі мұнай жеткізілімдеріне қатысты. Сондай-ақ, жоғарғы лауазымдағы шенеуніктерге де қатысы бары айтылған.

Пікір қалдыру

Қатысты Мақалалар