«Ел қолдаған Елбасы» атты көрме өтеді

/uploads/thumbnail/20170708160114461_small.jpg

2014 жылғы 28 қарашадан бастап 7 желтоқсанға дейін Қазақстан Республикасы Тұңғыш Президенті - Елбасының Қоры Қазақстан Республикасы Тұңғыш Президентінің күніне арналған «Ел қолдаған Елбасы» атты картиналар мен фотосуреттер көрмесін ұсынады.

Көрмені салтанатты ашу рәсімі 28 қарашада сағат 15:00-де Астана қаласы, Еңбекшілер көшесі, 10 мекенжайында «Назарбаев орталығы» ғимаратында өтеді.

Ашылу рәсіміне ҚР Парламентінің депутаттары, дипломатиялық миссиялардың басшылары, Қазақтанның белгілі ғылым, мәдениет және спорт қайраткерлері қатысады.

Көрмеде Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті - Елбасы Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың өмірі мен қызметінің елеулі оқиғаларына байланысты бүгінгі күнге дейін кадрдан тыс қалып келген ерекше фотосуреттері мен картиналары көрсетіледі.

Қатысты Мақалалар