Қазақстанда соңғы 5 жылда 14 теракт болып өтті деп жазады Zakon.kz-ке сілтеме бере отырып Qamshy.kz ақпарат агенттігі.
«Білім» мәдени-ағартушылық орталығының директоры, Министрліктің дін және азаматтық қоғам ісі бойынша ақпараттық-түсіндірме тобының эксперт-политологы Руслан Иржанов Қазақстанда болып өткен терактілер салдарынан 90 адам қаза тауып, оның ішінде құқық қорғау органдарының болғанын да атап өтті. 2016 жылы екі айдың ішінде Ақтөбе мен Алматы қалаларында 37 адам қаза тапты.
Қазіргі кезде теракттердің жиілеп кетуінің бірден-бір себебі - діни сипаттағы ақпараттың дұрыс таралмауынан. Мамандардың айтуы бойынша, адамдар діни мәліметтер мен ақпараттардың 73% веб-сайттар арқылы алады. Оған қазіргі кездегі киберқауіпсіздік мәселесін де жатқызуға болады.
Руслан Иржановтың айтуы бойынша Қазақстанда радикалды идеяларды таратуды алдын-алу екі бағыт бойынша жүзеге асады: бірінші- әлеуметтік желілердегі радиалды бағыттағы контентті қадағалайтын ұйымдастырушылық-құқықтық тәсілдер, екіншісі- интернет ресурстардағы алдын-алу ақпараттық-түсіндірме жұмыстары.
Пікір қалдыру