2050 жылы әлемдегі зағип жандардың саны 115 миллионға жетеді

/uploads/thumbnail/20170803160833130_small.jpg

Әлемдегі зағип жандардың саны 2050 жылға таман бүгінгімен салыстырғанда екі есе көп болады, деп жазады Qamshy.kz ақпарат агенттігі Lancet Global Health мәліметіне сүйеніп.

Ғалымдардың айтуынша, 2015 жылы әлемде өмір сүріп жатқан 7,33 миллиард адамның 33 миллионы зағип тұрғындар . Жоба бойынша, 2020 жылға қарай бұл көрсеткіш 38,5 миллионға жетпек.  30 жылдан кейін олардың саны 115 миллионды көрсетпек.

Ғалымдар бұндай өзгерісті әлем халықтарының ұзақ өмір сүруімен байланыстырып отыр.

Есеп бойынша әлемдегі ең көп зағип тұрғындар Оңтүстік Азияда өмір сүруде. Сонымен қатар Сахараның оңтүстігінде орналасқан  Африка елдерінде де көз жанарының мүкісі бар тұрғындардың қарасы көп.

Пікір қалдыру

Қатысты Мақалалар