Сан-Францискода белгісіз ер адам саябақта адамдарға оқ жаудырған

/uploads/thumbnail/20170804120447945_small.jpg

Сан-Францисконың ең үлкен саябақтарының бірінде белгісіз бір ер адам оқ жаудырып, нәтижесінде үш адам жарақат алған, деп хабарлайды Qamshy.kz ақпарат агенттігі apnews.com сайтына сілтеме жасап.

Қылмыскер оқиға орнынан ізін суытып үлгерген, қазір оны полиция қызметкерлері іздестіріп жатыр. Жарақат алғандардың бірі өте ауыр халде ауруханаға түскен.

Қала орталығында орналасқан «Долорес» саябағы жергілікті тұрғындар мен туристердің өте көп келетін мекені болып табылады, көптеген адамдар сол жерде күнге қыздырылып, қаланың сұлулығына тамсана қарап отыра алады.

Оқиға куәгерлерінің айтуынша, саябақта жүргендердің көпшілігі мұны алғашында от шашу деп ойлаған. Кейіннен біреудің оқ атып жүргенін білгеннен соң адамдар дүрбелеңге салып, жан-жаққа қаша бастаған.

Пікір қалдыру

Қатысты Мақалалар