АҚШ президенті Дональд Трамп сайлаудағы жеңісіне Ресейдің қатысы жоқ екенін мәлімдеді, деп жазады Qamshy.kz ақпарат агенттігі. БАҚ таратқан ақпараттарға қарамастан, АҚШ әділет министрлігі сайлау нәтижесіне Ресейдің қатысы бар-жоғын тергеу үшін қазылар шақырған.
«Біздің кампанияда бірде-бір орыстың боламағаны көбісіне мәлім. Менің президент болғаныма Ресейдің қатысы жоқ. Біз сіздердің арқаларыңызда жеңіске жеттік», - деді Трамп 3 тамызда Батыс Вирджиняға сапары барысында. Сондай-ақ Трамп Ресеймен байланысты оқиғаларды ойдан шығарып жүрген барлық демократтарды айыптады.
Айта кетейік, бұдан бұрын Wall Street Journal басылымы және басқа да ақпарат агенттіктері Роберт Мюллер есімді арнайы прокурор 2016 жылы АҚШ-та өткен президенттік сайлауға Ресейдің қатысы бар-жоғын анықтау үшін қазылар шақырағанын хабарлаған.
Сондай-ақ, Трамп сайлауға Ресей қолдау көрсетті деген ой «біз үшін, мемлекетіміз бен Конституциямыз үшін қорлаумен тең» деді.
Пікір қалдыру