ЭКСПО көрмесіне қойылмаған алып асық Гиннестер кітабына енген

/uploads/thumbnail/20170804153634978_small.jpg

Шығыс Қазақстан облысы Тарбағатай ауданы  Ырғызбай ауылының  тұрғыны Болат Құнанбайұлы   50 мың дана  асықтан, әлемде теңдесі жоқ  алып  асық жасаған. Асық  алты ай бойы тоқылып жасалды. Алып асықты екі ай бұрын ЭКСПО көрмесіне қояды деп жаңалықтардан көрсетіп еді. Бірақ асық ЭКСПО көрмесіне қойылмаған.  Бұл ақпаратты ҚР Инвестициялар және даму министрлігі Ақпараттық қамтамасыз ету департаментінің директоры Берік Уәли өзінің Facebook парақшасына жариялаған болатын.

«2014 жылы сәуір айынын 16 жұлдызында  35 000 асықпен Гиннестің рекордтар кітабына енген. Енді бұл асық 50 000 данаға жетті. Асықты әлемдік рекордтар кітабына енгізуге болады.  Бұл асық  жақсылық тілеп тұратын қазақтың тұмары іспеттес дүние. Асығың алшысынан түссін деген мағынада жасалған болатын. Ырғызбай Досханұлының басына келгендер ғана емес, Қазақстанға келушілер және шетел азаматтары  көрсе екен деген тілегім бар»,- дейді алып асықтың авторы Болат ағамыз

«Алты Алашқа мәлім болған екі тонналық асық, жоғарыдан уәде етілген көрмеде емес, күнге қаңсып палатканың астында тұр»,- деді Берік Уәли

 

Пікір қалдыру

Қатысты Мақалалар