Павлодарда 17 жастағы жігіт жүк көлігінің астында қалып, көз жұмды

/uploads/thumbnail/20170804162334235_small.jpg

Павлодар қаласына қарасты Ленин кентінде 17 жастағы жігіт жүк көлігінің астында қалып мерт болды. Белгілі болғандай, жүк көлігі Семейде тіркелген өндірістік кооперативке тиесілі, деп хабарлайды Qamshy.kz ақпарат агенттігі pavlodarnews.kz мәліметіне сүйеніп. Бұл туралы агенттік тілшісіне Павлодар облыстық еңбек басқармасының басшысы Асқар Қапанов хабарлады.

 - Алдын ала болжам бойынша, оқыс жағдай түскі үзіліс кезінде болған. Фирма жұмысшылары жүк көлігінің астын көлеңкелеп жатқан. Кейін әріптестердің бірі көлікті басқа жерге апарылатынын және ол жерден кетулерін сұраған. Не себепті екені белгісіз жас жігіттердің орнынан кетпей, жүк көлігі оның үстінен жүріп өткен, - деді Асқар Қапанов.

Басқарма басшысының айтуынша, өндірістік кооператив иелері жас жігіттің фирмамен ешбір еңбек келісімшартын жасамағанын алға тартуда.

 - Егер жігіттің фирмада жұмыс істегені дәлелденсе, біз өндіріс орнындағы оқыс жағдай бойынша тергеу амалдарын бастаймыз. Егер дәлел болмаса, қайтыс болған жігіттің отбасына арыз жазып, сотқа шағымдануына көмек береміз, - деді еңбек бойынша бас мемлекеттік инспектор.

 Павлодар облыстық ІІД баспасөз қызметі хабарлағандай, аталмыш жағдайға байланысты екі қылмыстық іс қозғалдық Біреуі, ҚР ҚК 153 бабына сәйкес жұмыс берушіге қатысты болса, екіншісі ҚР ҚК 345 бабына сай жүргізушіге қатысты.

Пікір қалдыру

Қатысты Мақалалар