Ашхабад полициясы көшелерді қайыр тілеген балалардан тазартып жатыр

/uploads/thumbnail/20170807090547852_small.jpg

Ашхабад полициясы көшелерде қайыр тілеп жүретін кішкентай балаларға қатысты Түркіменстан астанасын тазарту ісіне белсене кірісіп кетті. Сонымен қатар, Түркіменстанда қазір ондай балаларды өте көп кездестіруге болады екен, деп хабарлайды Qamshy.kz ақпарат агенттігі centralasian.org сайтына сілтеме жасап.

Ашхабад шолушысы Аманмырад Бугаевтың айтуынша, қайыр тілеп жүрген балалар полиция қызметкерлеріне ұсталған жағдайда алғашында ескертумен шектеледі, кейіннен олардың туыстарына ескерту жасалады.

Ашхабад полиция департаментіндегі кәмелет жасқа толмаған балаларға қатысты инспекция қызметкерінің айтуынша, барысында мүгедек балаларды көшеде қайыр тілеуге мәжбүрлеу – заңмен қудаланып, қылмыстық іс болып табылады.

Ашхабад тұрғындары қазіргі кезде көшеде қайыр сұрап жүрген мүгедек балалар мен оларды полиция қызметкерлерінің ұстап жатқан кездерін күн сайын әр көшелер мен жанармай бекеттерінде көруге болатындығын айтады.

«Көшеде арба орындықта отырып, қайыр тілеп отырған балалар кез келген елдің имиджін құртады. Біздің негізгі мақсатымыз – Түркіменстан елінің репутациясын құртатын адамдармен күресу», – деп мәлімдеді полиция қызметкері.

Пікір қалдыру

Қатысты Мақалалар