Францияда Эйфель мұнарасына пышақпен кірмек болған азамат полицияның қолына түсті. Бұл туралы Qamshy.kz ақпарат агенттігі France Presse мәліметіне сүйеніп хабарлайды.
Белгілі болғандай, зардап шегушілер жоқ.
Ер адам сенбі күні мұнара етегіндегі бақылау нүктелерінің бірінен суық қарумен өтпек болған. Дегенмен оның ойы іске аспай, бірден полиция қызметкерлерінің қолына түсті.
Айта кетсек, мұнараға түнгі он екіге дейін ғана кіруге рұқсат етілген.
Пікір қалдыру