Балық басынан шіриді. Еліміздің бас қаласы Астанада үй жағдайындағы «порно-театр» ашылыпты. Қазіргі және кезінде астана болған қалалар жағымсыз жаңалықтарды жаңғыртудан жалығар емес. Өткенде Қызылорда қаласында порно кастинг ұйымдастырылса, Алматыда «Құрманғазы Пушкин» оқиғасы, енді Астанада «үй жағдайындағы порно-театр» ашылғандығы жөнінде ақпарат тарады.
Бұл спектакльдерге отбасылы жұптар қатысады екен. Жалғыз басты төмен етектілердің де қатысуына мүмкіндіктер бар көрінеді. Қойылым өз пәтерлерінде болады. Жұбайлар «танымал» спектакльдерден таңдап, өздері сол рөлдерді ойнайды. Мысалға, таңдау Рамео мен Джульеттаға түссе, жақындасар тұстарын көпшілік көзінше «абыроймен» ойннап шықпақ. Тіпті соған арнап костюмдер таңдап, «басқа» актерлерді де қызықтырады екен. Билеттер әлеуметтік сатылып, оның бағасы да белгіленіп қойыпты.
Өзін Ураган деп таныстырған жігіт «Осы идеяны жұбайым ортаға тастап, біз жүзеге асырдық. Мұндай қойылымдар мен «жағдайларға» адамдар мұқтаж. Мысалы, бізге осы қойылымнан кейін екі жас жұп хабарласты. Оқиғасы былай, қызды жас күнінде бұзақылар зорламаққа әрекет қылған көрінеді. Содан жүрегі шайлығып қалған қыз жанында 3 жыл жүрген жігітті әлі «жақындатпаған» көрінеді. Қойылымнан кейін қорқынышынан айырылған қыз, енді жақын «қарым-қатынасқа» дайын екенін мәлімдепті.»
Енді Қазақстанда да театрға бару мәдениеті Европадағыдай «әдептіліктің» үлгісіне айналмаса нетті...
Хадисте « Қиямет күні Аллаһтың азабына ұшырайтындар, өзінің әйелімен болған қарым-қатынасын өзгелерге жайғандар» екен. Қос күндік қызыққа қос дүниенің бақытын айырбастап жүрмесек болғаны.