Өмір бар жерде өлім бар. Пенде баласы өзіне шектеулі ғұмырын Жаратушы белгілеген межеден әрі асыра алмайды. Пешенеге жазылғаны пенделік басты сарсаңға салғанымен, ақиқатпен келіспеске амал жоқ. Қазақта қайғылы қаза. Бүгін қазақ театр өнерінің сыншы майталманы, өнертанушы, 17 кітаптың авторы, « Құрмет » ордені мен тәуелсіз « Тарлан платиналы » сыйлығының иегері, ҚР еңбек сіңірген өнер қайраткері, Кентау мен Түркістан қалаларының құрметті азаматы Әшірбек Төребайұлы Сығай 67 жасқа қараған шағында дүниеден озды.
Марқұмның отбасы мен туған-туыстарына қайғыра көңіл айтамыз. Жатқан жері жәннатта болғай!