2017 жылдың 1 шілдесінен бастап Алматы қаласының Жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар басқармасының қолдауымен «ARASHA» тұрмыстық зомбылық құрбандарына арналған баспана ашылды деп хабарлайды Qamshy.kz ақпарат агенттігі zakon.kz-ке сілтеме беріп. Қазіргі уақытта баспанада 20 адам бар.
Жыл сайын Қазақстанда тұрмыстық зомбылық салдарынан 400-ге жуық әйел қаза табады.
Баспа жетекшісінің айтуынша ұйымның көмегіне жүгінетін әйелдер полиция мен құқық қорғау органдары тарапынан да зардап шегеді. Зардап шеккен әйелдер зорлықшы-күйеулерінің полицейлерді параға сатып алатынын айтып шағымданған.
Баспана ҚР денсаулық сақтау мен әлеуметтік даму министрінің бұйрығы бойынша әлеуметтік қызметтің 8 түрін ұсынады.