Анталияның Бас прокуратурасы оппозициялық Халық партиясының мүшесі Мұстафа Акайдынның үстінен қылмыстық іс қозғады деп хабарлайды Qamshy.kz ақпарат агенттігі opennewsportal.com-ға сілтеме жасап. Мустафа Акайдын осы жылдың 3 тамызында "15 тамыз оқиғасы ұйымдастырылған сахналық қойылым. Мен оны телеарнадан комедия көргендей тамашаладым. 250 адамды мемлекеттің өзі өлтірген", – деп айтқан болатын.
İHA ның мәліметі бойынша, РХП-лық Акайдынға мына баптар бойынша айып тағылып отыр: "FETÖ/PDY Қарулы Террор ұйымына мүше болу", "Халықты өшпенділік пен жауыздыққа итермелеу", "Террор ұйымына үгіттеу".
Тақырыпқа қатысты Республика прокуратурасы жасаған түсіндірмеде, қолданыстағы заңдар мен Әділет министрлігі Жаза істері Бас дирекциясының "Өмір сүруге қол сұқпаушылықты алып тастауға қатысты операциялары" деп аталатын 100/1 нөмірлі ережесі аясында жауапқа тарту жүргізілгені, жауапқа тартудың барысы мен нәтижесі жайлы бөлек мәлімет берілетіні хабарланды.