Шымкентте 22 жастағы азамат көпірден секіріп, өмірімен қош айтыспақ болған. Жас жігіт өзін Ордабасыдағы көпірден лақтырып жіберген. Бұл туралы Qamshy.kz ақпарат агенттігі otyrar.kz мәліметіне сүйеніп хабарлайды.
Ауыр жарақат алған азаматты жедел жәрдем қызметкерлері ауруханаға жеткізді. Оған дәрігерлер ота жасап, өмірін әрең аман алып қалды. Екі күн бойы жансақтау бөлімінде жатқан жігіт бүгін реанимациядан палатаға ауыстырылды. Бұл оқиға он алтыншы тамыз күні күндіз сағат үштер шамасында орын алған.
Өз-өзіне қол жұмсаған азаматтың жағдайы жақсарғанымен, бірнеше жері сынып кеткен. Ол өздігінен жүріп тұра алмайды. Дәрігерлер суицид жасамақшы болған жігітті әлі он күндей бақылауда ұстамақ.