Ирак ДАИШ террористік ұйымының адамзатқа қарсы жасалған қылмыстарын дәлелдейтін ақпарат жинауда БҰҰ-дан көмек сұрады, деп жазады Qamshy.kz ақпарат агенттігі.
16 тамызда таралған хатта Ирак сыртқы істер министрі Ибрахим әл-Джафаари Мосулды ДАИШ содырларынан азат еткен үкімет күштері қылмыстық дәлелдер тапқанын жазған.
Ирак министрі Ұлыбританияның БҰҰ Қаупісіздік кеңесіне халықаралық тергеу жүргізу мәселесі бойынша қарар дайындауға көмктесетінін мәлімдеді.
Ресей елшісі Василий Небензя Мәскеудің қарарды қолдайтынын жеткізді.