Шетелдіктер үшін Қазақстандағы көші-қон ережелері жеңілдетілмек

/uploads/thumbnail/20170818191843737_small.jpg

Шетелдіктердің қазақстандық визасы болса, көші-қон карталары керек болмайды.

Үкімет төлқұжатында қазақстандық виза қойылған шетелдіктер үшін көші-қон карталарын алып тастау туралы ұсынысты қолдады, деп хабарлайды Qamshy.kz ақпарат агенттігі Sputnik.kz сайтына сілтеме жасап.

Бұл жайында "Ақ жол" партиясының баспасөз қызметі мәлімдеді.

Баспасөз қызметі хабарлағандай, маусым айының соңында партия Қазақстанға келетін шетелдік инвесторлар мен мамандар үшін бюрокартияны қысқартуды ұсынған болатын. Қолданыстағы ережелер инвестициялық жобалар мен жаңа кәсіпорындарды іске қосқан кезде кедергі болып отырғанын айтқан еді депутаттар. 

Виза бола тұра шетелдіктерді көші-қон ережесін бұзғаны үшін жазалаған мысалдар бар. Құжаттарды рәсімдеу бойынша ұзақ процестерден кейін шетеодік мамандар келешекте Қазақстанға оралғысы келмейді, деп атап өтті партиядағылар. 

"Дамыған елдердің халықаралық тәжірибесін ескере келе, Қазақстан Республикасына кіруге рұқсат беретін виза болған жағдайда көші-қон карталарын толтыруды алып тастау туралы ұсынысты қолдаймыз", — деп жазылған Үкімет басшысының "Ақ жолға" берген жауабында.

Қатысты Мақалалар