Астанада балалардың терезеден құлауы жиілеп кетті деп хабарлайды Qamshy.kz ақпарат агенттігі Астана әкімдігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасай отырып.
Қайғылы оқиға ата-аналардың салғырттығының салдарынан орын алуда. Балалардың терезе алдына шығып алмауы үшін жиһазды оған жақын қоюға болмайды. "Балаларды қараусыз қалдырмаңыздар!" – деп ескертеді Астана әкімдігі.