Алматыда Сейфулин көшесінің Қабанбай батырдан бастап Шевченкоға дейінгі аралығы жабық тұр, – деп хабарлайды Qamshy.kz ақпарат агенттігі қалалық Жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасына сілтеме жасап.
Сейфулин көшесінің бұл аралығы Шевченко көшесінің бойындағы рельстерді алуға байланысты.
Құрманғазы көшесіне дейін жол жабық. Ал Басқарма өкілдері жол қозғалысы бүгін сағат 19:00-де қайта жандандырылатынын мәлімдеді.
Еске сала кетсек, мұның алдында Алматы көшелеріндегі жөндеу жұмыстары 2017 жылдың қыркүйек-қазан айларында аяқталатыны хабарланған болатын. Сонымен қатар, басқарма өкілдері рельстерді алып тастау жұмыстары аяқталып қалғанын мәлімдеген.