АҚШ-тың Әскери-теңіз күштерінің зымыран John S. McCain эсминці «Джон Маккейн» Сингапур жағасында Малакка бұғазы жағында сауда кемесіме соқтығысты, деп хабарлайды Qamsyhy.kz ақпарат агенттігі шетелдік БАҚ-қа сілтеме жасап. Эсминец Alnic MC танкерімен Сингапур портына кіре бергенде соқтығысқан.
«Бастапқы дерек бойынша, «Джон Маккейн» әскери кемесінің артқы жағы зақымданды», - деп нақтылады АҚШ ӘТК жетінші флотының баспасөз қызметі. Қазіргі сәтте оқиға орнында іздеу-құтқару жұмыстары жүріп жатыр. Әзірге зардап шеккендер мен оның қоршаған ортаға келтірілген залал көлемі туралы ақпарат жоқ.