Батыс Қазақстандағы зауыттың қызметкерлерін роботтар алмастыра бастады

/uploads/thumbnail/20170821094955979_small.jpg

Батыс Қазақстанда ірі кәсіпорындары өз қызметтерін автоматтандыра бастады. Жаңа зауыттардың көбінде барлық қызметті арнайы роботтар атқарады деп жазады Qamshy.kz ақпарат агенттігі 24.kz  сайтына сілтеме жасай отырып. Ал қызметкерлер роботтардың жұмысын қадағалап, басқарып отыратын көрінеді.

Арнайы дәнекерлейтін цехта қазірдің өзінде  робот жұмыс істейді. Тапсырыстың көптігіне қарамастан роботтар барлығын уақытылы орындайды екен. Сондықтан да бұл цехта қызметкерлер қысқартылған.

«Әрбір робот 3-4 қызметкердің жұмысын атқарады. Сонымен бірге қауіпсіздік те сақталады»,- дейді тауардың сапасын қадағалайтын инженер Ерлан Маякин.

Қатысты Мақалалар