Испанияда радикалды топ елдегі мұсылмандар қауымдастығына қарсылық білдірді

/uploads/thumbnail/20170821115055146_small.jpg

Испаниялық қалалардағы мешіттер радикалды топтар тарапынан шабуылға ұшырады. Бұл жағдайға Барселона мен Камбрильсте болған теракт себеп болған деп хабарлайды Qamshy.kz ақпарат агенттігі Europa Press сайтына сілтеме жасап.

Гранададағы орталық мешітке радикалды топтар шабуыл жасап, түтін гранатасын лақтырып, ксенофобиялық ұрандарын бүкіл қалаға жар сала айқайлаған. Бұл уақытта мешітте біршама адамдар болған. «Мешітті қаржыландырған адам, терроризмді де қаржыландырып отыр. Билік неге үндемейді?» – деген жазуы бар плакаттар ұстаған бір топ адам мешіттің айналасын қоршап алған. Олардың көпшілігі – қала жастары. Ереуілге шыққандар мұсылмандарды «Ислам мемлекеттері» террористік тобымен сыбайлас деп тауып, айып таққан. «Мына түтін барлық мұсылмандарды мешіттен шығарсын», – деп айқай салып, түтін гранаталарын мешіттің ішіне лақтырған. Полиция қызметкерлері оқиға басталғаннан кейін, 15 минуттан соң оқиға орнына жеткен.

Мұсылмандарға қарсы қорқыту сөздер жазылған плакаттар ұстаған топтар Логронью мешіті мен католиктік қалалардағы Монблан, Фонда мешіттерінің жанына көптеп жиналды.

Сонымен қатар, сипандық мұсылмандар Каталониядағы теракт кезінде зардап шеккен адамдарды еске алу рәсімін өткізген. Жексенбі күні жүзден аса адам астанадағы орталық алаңға жиналған. Аталмыш акциялар Испанияның екі қаласында, оның ішінде Барселонада да өтті.

Дүйсенбі күні жүздеген Каталониядағы мұсылмандар Барселонада терроризмге қарсы ауқымды акция өткізуді көздеген. Испаниядағы Исламдық комиссия мүшелері болған шабуылды айыптады.

Елдегі Ислам Қауымдастығының мәліметіне сәйкес, Испания тұрғындарының 4%-ы мұсылмандар.

Барселона мен Камбрильсте болған терактты «Ислам мемлекеттері» террористік тобы өз жауапкершілігіне алған болатын.

Қатысты Мақалалар