Көпірден секіріп кеткен 42 жастағы екібастұздықтың мәйіті табылды

/uploads/thumbnail/20170821135253881_small.jpg

Құтқарушылар 15 тамызда автокөлік көпірінен секіріп кеткен 42 жастағы Екібастұз тұрғыны Қайдар Данкиннің мәйітін тапты деп хабарлайды Qamshy.kz ақпарат агенттігі pavlodarnews.kz-ке сілтеме жасап.

Павлодар облысы ТЖД баспасөз хатшылығы хабарлағандай, марқұмның мәйіті 20 тамыз күні сағат 17:20-да табылған.

Еске салсақ, өткен аптада екі баланың әкесі көпірден секіріп кеткен. Өз-өзіне қол жұмсамай тұрып, әйелі мен екі қызымен этнофестивальге барғаны белгілі болған. Отбасын үйде қалдырып, өзі Павлодарда қалып қалған ер адамның  мұндай әрекетке не себепті барғаны белгісіз.

Қатысты Мақалалар