Қазақстанда «халал» дәрі-дәрмектер сатылмақ

/uploads/thumbnail/20170708160244319_small.jpg

Иорданияның фармацептикалық компаниясы Қазақстан нарығын «халал» дәрі-дәрмектермен қамтамасыз етпек. Бұл туралы Qamshy.kz хабарлайды.

Компанияның экспорт менеджері Ахмед Жабердің айтуынша «халал» дәрі-дәрмектер құрамында шошқа майы мен алкагольдік заттардың қоспасы болмауымен ерекшеленеді. Жалпы, халал дәрі-дәрмектердің сатылымдағы халықаралық үлесі 5% ғана құрайды. Тек мұсылман елдерді ғана «халал» стандартты өнімді тұтынатын көрінеді. Қазіргі таңда тауарлар экспорттық сертификат алу үшін, сапалық деңгейін анықтайтын тексерістерден өтуде. Бұл ретте Ахмед Жабер «Біз бұл өнімдерімізбен нарықтағы өзге де шет елдік тауарлармен бәсекелес боламыз деп айта алмаймыз. Бірақ, біздің өнімдеріміздің сапасы мен адам ағзасына әсер етуі ғылыми түрде дәлелденген» дейді. Қазақстандағы «ФармМедИндустрия» қауымдастығының төрағасы Серік Сұлтанов әзірге елімізде халал дәрі-дәрмектер сатылымда жоқтығын хабарлады. Бізде халал стандартына сай шұжық пен азық-түліктің басқа да түрлері өндіріледі.

Орынбасар Бақытбек

Пікір қалдыру

Қатысты Мақалалар