АҚШ президенті Дональд Трамп Ауғансатнға көрсетіп жатқан қолдауының шексіз емес екенін мәлімдеді, деп жазады Qamshy.kz ақпарат агенттігі.
«Америка Ауғанстан билігімен серіктестікті жалғастырады. Алайда біздің тараптан көрсетілетін көмек мәңгі болмақ емес. Біздің қолдауымыз – карт-бланш емес», – деді Трамп Вашингтонға жақын аймақтағы Форт-Майер әскери базасындағы арнайы үндеуі барысында.
Трамп айтып өткендей, «Америка халқы нақты реформа мен шынайы нәтижелерді көруді көздейді».
АҚШ 2001 жылғы 11 қыркүйекте орын алған терактіден кейін Ауғанстанда антитеррористік әскери операцияны бастаған. Кейіннен БҰҰ Қауіпсіздік кеңесінің санкциялары салдарынан НАТО-ның қолбасшылығымен қауіпсіздікті қамтамасыз ететін халықаралық күштері егжей-тегжей қаралды. АҚШ пен ISAF қолбасшылығындағы антитеррористік коалация «Талибан» және «Әл-Каида» әскерлерімен соғыс бастады. 2014 жылы НАТО елдерінің әскери құрамасы Ауғанстаннан шығарылған. 2015 жылдың 1 қаңтарынан бастап әскери операция «нақты қолдау» миссиясына ауысты.
Әр жылдары Ауғанстандағы америкалық әскерлердің саны әртүрлі болды. Мәселен, Барак Обама президент болған дәуірде әскер саны 100 мың адамға дейін жеткен. Алайда кейіннен Обама Ислам республикасы билігінің өтінішімен елде 8,4 мың әскер қалдырды. Олар талибтер мен ДАИШ ұйымына қарсы арнайы операция жүргізді.
Пентагонның ресми дерегіне сүйенсек, 2017 жылдың 21 тамызында АҚШ бірнеше жылдың ішінде 2264 әскери қызметкерінен айырылып, 20 мыңнан астамы жараланған.
Пікір қалдыру