КХДР басшысы Ким Чен Ын Оңтүстік Кореямен шекарада орналасқан әскери бөлімді көріп қайтты деп жазады Qamshy.kz ақпарат агенттігі.
Ким Чен Ынның сапары Оңтүстік Корея мен АҚШ-тың Ulchi Freedom Guardian әміршіл штабтық оқуын бастаған сәтпен сәйкес келеді. Алайда Солтүстік Кореяның бұл сапары Пхеньян арналарында көрсетілмеген.
Оңстүстік Корея шолушылары Ким Чен Ынның сапарын жаңа әскери арандатушылық әрекеттерге балады.
Айта кетейік, Солтүстік Корея мен Оңтүстік Корея арасындағы қақтығыстың ушығуы және Оңтүстік Корея мен АҚШ-тың қарым-қатынасы КХДР-дың континент аралық баллистикалық зымырандарын сынауымен байланысты болып отыр.
Пікір қалдыру