Х. Ямани: Қазақстанды ЭКСПО-ны сәтті ұйымдастыруымен құттықтаймын

/uploads/thumbnail/20170821141430565_small.jpg

Бүгін ЭКСПО-2017 Халықаралық мамандандырылған көрме аясында Сауд Арабия Корольдігінің Ұлттық күні мерекеленді деп хабарлайды Qamshy.kz ақпарат агенттігі. «Болашақ энергиясы» - Көрме тақырыбы ел Үкіметінің 2040 жылға қарай электр энергиясын өндіру үшін қазба отынын қолданудан бас тарту туралы ұстанымын көрсетеді. Абдалла ибн Абдул-Әзиз Аль Сауд атындағы жаңартылатын және атомдық энергия ғылыми қалашығының президенті доктор Хашім Ямани әлем елдері болашақ үшін энергияны сақтау, жаңа технологияларды пайдалану және оларды тиімді қолдану әдістерін енгізу бойынша бірлесіп жұмыс атқару қажеттігін атап өтті.

 «Қазақстанды ЭКСПО-2017 көрмесінің сәтті ұйымдастыруымен және іс-шараның негізгі мақсаттарына қол жеткізуімен құттықтаймын. Екі ел арасында орнаған бауырмалдық қарым-қатынас өзара тиімді экономикалық, мәдени ынтымақтастықтың дамуына негіз болды. ЭКСПО-2017 көрмесіне қатысуымыз - болашаққа сеніммен қарайтындығымызды көрсетеді. Сауд Арабия Корольдігі табиғи ресурстарға бай, инвестициялық әлеуеті зор және географиялық орналасуы қолайлы мемлекет болып табылады. Әлемдік энергетика саласындағы жетекші орнынды сақтау үшін Сауд Арабия Корольдігі баламалы энергияның экологиялық таза және қауіпсіз өндірісін қамтамасыз ететін нақты қадамдарды жүзеге асыруда. Сондай-ақ, жаңартылатын энергия көздері саласында инновацияларды қолдануды көздейді. Еліміздің павильоны аталған бағытты дамытатындығымызды көрсетеді», - деді доктор Хашім Ямани.

Өз кезегінде Қазақстан Республикасы ауыл шаруашылығы вице-министрі Рүстем Құрманов Сауд Арабия Корольдігінің Ұлттық павильонында ұсынылған технологиялар көрменің сәтті өтуіне өз үлесін қосатындығын атап өтті.

«Сауд Арабия Корольдігінің Ислам әлеміндегі экономикалық мүмкіндіктері мен геосаяси орналасуының маңызы зор. Қазақстан тәуелсіздікке қол жеткізгеннен бастап екі ел арасындағы қарым-қатынастың, соның ішінде энергетика саласындағы дамудың әлеуеті зор деп санаймыз. Бүгінгі іс-шара Қазақстан Республикасы мен Сауд Арабия Корольдігі арасындағы өзара тиімді ынтымақтастықты дамыту жолында жаңа серпін беретіндігіне кәміл сенемін»,- деп қорытындылады ҚР ауыл шаруашылығы вице-министрі.

Сауд Арабия Корольдігінің Ұлттық павильоны мемлекеттің әлемдегі энергетикалық баланыстың сапалы және қауіпсіз түрлендіруі бойынша мүмкіндіктерін көрсетеді. Павильонның басты тақырыбы «Тұрақты энергия Корольдігі, болашақтағы өзгеріс». Ондағы экспозициялар көрмеге келушілерді мемлекеттің мәдениеті, салт-дәстүрі және тарихымен таныстырады.

Қатысты Мақалалар