«ҚР кедендік реттеу туралы» жаңа Кодекс жобасы

/uploads/thumbnail/20170822165947215_small.jpg

Соңғы үш жыл бойы Еуразиялық экономикалық комиссия алаңында Еуразиялық экономикалық одақтың жаңа Кеден кодексін қалыптастыру бойынша үлкен жұмыс атқарылғаны өздеріңізге мәлім. Қазіргі уақытта кодекс жобасы ратификациялау бойынша рәсімдерден өткізілуде деп хабарлайды Qamshy.kz ақпарат агенттігі.

Одақтың жаңа кодексі бойынша жұмыс мемлекеттік органдар мен бизнес  қауымдастығының өкілдерінің қатысуымен жүргізіліп, бірінші кезекте әкімшілік жүктемені азайтып бизнеске уақыт, қаражат, құжаттар үш негізгі көрсеткіштерін қысқарту бойынша қолдау көрсетуге бағытталған.

Тек соңғы мемлекетішілік келісу нәтижелері бойынша Қазақстан Республикасымен 552 түзетулер жолданды (салыстыру үшін Тараптар түзетулерінің жалпы саны 1472 түзету құрады), олардың 65% (358 түзету, олардың ішінде 235 (43%) кедендік әкімшілендіруді оңайлату түзетулер, 21 (4%) УЭО институтын жетілдіру институты) қолдау тапты.

Одақтың жаңа кодексі айтарлықтай қайта өңделіп, кедендік реттеу жөніндегі негізгі тәсілдер қайта қаралып, сонымен қатар өзіне 350-ден астам ұлттық заңнаманың құзыретін қамтуына байланысты біздің алдымызда қолданыстағы ұлттық кеден заңнамасын сәйкес келтіру, ел ішінде кеден үрдістерін реттеу мәселесі туындады.

Мәселен, қолданыстағы Кеден кодексіне ұқсас жобада ЕАЭО Кеден кодексінің нормаларын имплементацияланған, ұлттық заңнамаға сілтеме нормалары іске асырылып, одақ кодексінде реттелмеген құқықтық қатынастар орнатылды.

ҚР Кеден кодексінің жобасы сегіз бөлімнен тұрады

Айта кетейік, жалпы ережелер, кедендік төлемдер, кедендік операциялар, кедендік рәсімдер, тауарлардың жекелеген санаттарын өткізу ерекшеліктері, кедендік бақылау, кеден ісі саласында қызметін жүзеге асыратын тұлғалар және қорытынды және өтпелі ережелер.

Новеллалар туралы айтатын болсақ, негізгілердің арасында кедендік реттеуге түбегейлі жаңа тәсілдеме – кедендегі бизнес-процестерді автоматтандыруды атау керек.

Ақпараттық технологияларға аса көңіл аударудан басқа, Кодексте сыртқы экономикалық қызметке қатысушылар үшін өз шығыстарын оңтайландыруға жағдай туғызатын бірқатар мүмкіндіктер пайда болды, мысалы, кедендік баждар бойынша төлеуді кейінге қалдыру.

Егер қандай да бір себептермен декларант кедендік баждар бойынша бюджетпен бірден есеп айырыса алмаса, онда пайыздар төлей отырып, бір айға кейінге қалдыруды пайдалану құқығын мемлекет береді.

Жекелеген жағдайларда пайыздарды төлемей алты айға дейін бөліп төлеу ұсынылады. Мәселен халықаралық шарттар шеңберінде жеткізілімдерді жүзеге асыру кезінде, ауыл шаруашылығы техникасын, егін жұмысының материалдарын, асыл тұқымды жануарларды әкелу кезінде, дүлей зілзала, технологиялық апат немесе өзге де еңсерілмейтін күш жағдайлары нәтижесінде төлеушіге залал келтірілген кезде бөліп төлеу ұсынылады.

 «Ұлт жоспары – 100 нақты қадам» Мемлекет басшысының бағдарламасын жүзеге асыру үшін «постфактум» кедендік тазалау режімі бойынша шығарылатын тауарлар тізімі кеңейтілді. Ереже   декларацияны кейіннен келесі айдың 10-шы күнінен кешіктірмей беру және  кедендік баждарды төлеу міндеттемемен өтініш негізінде тауарларды еркін айналымға мүмкіндік береді.

«Постфактум» кедендік тазалау режімі еркін қойма, еркін кедендік аймақ, кеден аймағында өндеу кеден рәсімдеріне орналастыратын тауарларға, сонымен қатар инвесторлар мен уәкілетті экономикалық операторларға қатысты болады.

Сондай-ақ «Ұлт жоспары – 100 нақты қадам» Мемлекет басшысының бағдарламасын жүзеге асыру үшін, соның ішінде салық және кеден саясаты мен рәсімдерді жетілдіру мақсатында (37-қадам) ҚР Кеден кодексінің бірқатар ережелері ҚР Салық кодексімен процестерді үндестіреді.

Бұл кедендік баждарды, салықтарды есепке алу, есепке жатқызу (қайтару) жөніндегі ережелерге, берешекті өндіріп алу және бұзушылықтарды жою туралы және тексеру нәтижелері туралы хабарламаларға шағымдануға;

-талап ету мерзімдері жаңа Салық кодексіне сәйкес белгілеу (шағын және орта бизнес үшін үш жылға дейін қысқартылды). 

- Кеден ісі саласындағы қызметті жүзеге асыратын тұлғалар үшін жеңілдіктер қарастырылған. Соның ішінде,  тиісті тізілімнен шығару негіздері қайта қаралған. Мысалы, осындай негіздер тұлғаның қызметін тоқтата тұру үшін негіздер болды. Мысалы, егер уақтылы берілмеген есептілік үшін тұлға тізілімнен шығарылған болса, енді олардың қызметі бұзушылық жойылғанға дейін тоқтатыла тұратын болады.

Сондай-ақ, декларантты әкімшілік жауапкершіліктен босату жағдайлары кеңейтілді.

Мысалы хабарлама табыс етілген кезден бастап отыз жұмыс күні ішінде бұзушылықтарды өз бетінше жойған кезде;

- кеден органының мұндай бұзушылықтарды анықтауы нәтижесінде бес жүз айлық есептік көрсеткіштен аспайтын мөлшерде қосымша үстеме есепті бір жұмыс күні ішінде ерікті түрде төлеген жағдайда және басқа да жағдайларда  әкімшілік жауапкершіліктен босату жағдайлары белгіленген.

Жаңа Кодекспен қатар Кодекстер мен заңдардың бірқатарына өзгерістер енгізуді көздейтін заң жобасына ілеспе заң жобасы әзірленді.

Жекелегенде тауарларды кедендік жою рәсіміне орналастырған кезде мемлекеттік экологиялық сараптама беру бөлігінде Экологиялық кодексе өзгерістер енгізілуде. Бюджет кодексіне аванстық төлемдер жөніндегі нормаларды реттеу бөлігінде түзетулер енгізіледі. Сондай-ақ көліктік бақылау функцияларын беру бөлігінде кейбір заңдарға түзетулер және басқа да түзетулер енгізіледі.

Осылайша жаңа Кеден кодексінің Қазақстанға өзінің транзиттік және экспорттық әлеуетін пайдалануға, сыртқы экономикалық қызметті жүргізуді жеңілдетуге мүмкіндік беретінін атап өтуге болады.

 Кодекс жобасына енгізілген кедендік әкімшілендіруді оңайлатудың ең бес маңызды сәттері

БІРІНШІ. Жоғары ұлттық кедендік кодекстің нормаларын ескере отырып бизнес пен кеденнің электронды өзара іс қимыл басымдылығы бекітілді. Тауарларды декларациялау және шығару процесі автоматтандырылатын болады.

Тәуекелдер болмаған жағдайда ақпараттық жүйе кедендік декларациялар бойынша шешімді санаулы минуттарда қабылдайтын болады.

Бұл ретте декларацияны қараудың ең жоғарғы мерзімі 1-жұмыс күнінен 4 сағатқа дейін қысқартылды. Мұндай жаңалық бизнестің шығындарын елеулі төмендетеді және тауарларды өткізу пунктер арқылы өткізуді жеделдетеді.

ЕКІНШІ. Әлемдік алдыңғы қатарлы елдердің тәжірибесімен кеден қызметкерлерімен транзиттік декларацияны және жолаушылар кедендік декларацияны толтыру мүмкіндігі енгізілді. Бұл брокерлік компанияларға қызметіне балама болып табылады

ҮШІНШІ. «Мемлекет және бизнес әріптестік» принципін қамтамасыз ету мақсатында бізбен уәкілетті экономикалық операторлар үшін оңайлатулар қайта қаралды.

Енді олар Еуразиялық экономикалық одақтың барлық аумағында транзит кезінде олардың мәртебесін мойындаумен қосымша оңайлатуларға ие болады.

УЭО кедендік төлемдерді төлеуді қамтамасыз етуді ұсынбайды, тасымалдаудың бағыты белгіленбейді.

Бұдан басқа, операторларға қатысты кедендік операциялар тікелей олардың қоймасында бірінші кезек тәртібінде жасалатын болады.

ТӨРТІНШІ. Алдынғы қатарлы ақпараттық технологиялардың мүмкіндіктерін қолдану және шешу мақсатында электронды кедендік алып жүру – жаңа нормасы салынған. Ол бүгінгі күнге дейін қолданылып жүрген тауарларды физикалық алып жүруді алмастыратын болады.

БЕСІНШІ. Кедендік әкімшілендірудің төлемдер бөлігі пысықталды, олардың нәтижесі бойынша:

- кедендік  төлемдерді алда болатын міндеттемелер есебіне аванспен енгізу, сондай-ақ оларды кедендік төлемдердің, салықтардың төленуін қамтамасыз ету ретінде пайдалану мүмкіндігі белгіленді.

Бұдан басқа, Кодекстің жобасында Қазақстан-Қытай жобасы -«Қорғас» шекара маңы ынтамақтастығы халықаралық орталығын дамытуға бағытталған ережелер көзделуде.

Осы орталықтың аумағында арнайы экономикалық аймақтың құрылуын ескере отырып бизнеспен бірлесіп еркін кедендік аймақ рәсімін қолдану бойынша тәсіл келісілді және реттелді.

«Қорғас» ШЫХО аумағында шетелдік тауарларды декларацияламай және кедендік төлемдерді төлемей тұтыну мүмкіндігіне жол берілді. Бұл қызмет көрсету және қоғамдық тамақтандыру саласы үшін шетелдік тауарларды қосымша шығынсыз әкелуге мүмкіндік береді.

Бажсыз сауда дүкендерінің жұмыс істеу мүмкіндігі ашылады,  онда отандық, сондай-ақ шетелдік тауарларды жеке тұлғаларға бөлшек саудалап сатуды жүзеге асыруға болады, бұл «Қорғас» ШЫХО-ға туристік қызығушылықты жоғарылатады.

 

Қатысты Мақалалар