«Барселона» лидері Лионель Месси футбол клубымен келісімшартын ұзартпаған, тіпті, клубтан кетуі мүмкін екенін де жасырмаған. Бұл туралы Qamshy.kz ақпарат агенттігі vesti.ru-ға сілтеме беріп хабарлайды.
Месси «Барселонамен» келісімшартын шілде айында ұзартуға тиісті болатын. Алайда ол ойланып жүргенін айтқан. Футболшының шешімі аргентиналық клубтың әрі қарай дамуына тікелей байланысты болып отыр.