Ерке Есмахан «Қайда?» әнін қырғыздардан ұрлап алды ма? (видео)

/uploads/thumbnail/20170822192658434_small.jpg

Ерке Есмаханның хитке айналған «Қайда?» әні қырғыз елінде де шырқалып, өз тыңдармандарын жинап  үлгеріпті. БАҚ-та Ерке Есмахан қырғыздың әнін ұрлады деген ақпарат таралды. Және бір апта бұрын ғаламторға шыққан «Қайда?» әнінің қырғызша нұсқасы 17 мың қаралым жинап үлгерген.

Мәселенің анық-қанығын анықтау үшін Qamshy.kz ақпарат агенттігінің журналисі Ерке Есмаханның көмекшісімен байланысқа шықты.

Ерке Есмаханның көмекшісі Ақмарал Ерік "Қайда" әні қырғыздікі емес екенін айтты.

«Бұл ән – қазақтікі. Қырыздың әншісі бұл әнді ұрлап орындап жүр» деп жауап берді.

Ерке Есмахан әнін ұрлаған қырғыз әншісіне қандай шара қолданатыны белгісіз. 

Айгерім Таубай

Қатысты Мақалалар