БҰҰ балаларға жасалған зорлық-зомбылық әрекеттерді айыптады деп жазады Qamshy.kz ақпарат агенттігі.
ЮНИСЕФ-тің хабарлауынша, 2017 жыл басталғалы «Боко харам» террористік ұйымы теракт ұйымдастыру үшін 83 баланы пайдаланған.
«Балаларды террорист ретінде пайдаланудың түрлі салдары бар. Тұтқыннан босатылып немесе «Боко харам» ұйымынан қашып шыққандардың бойында бәрібір күдік пен қорқыныш ұялайды. Олар өз ортасына оралғанда бөтен ортаға тап болғандай сезінеді. Мұның бәрі балалардың азапқа салынуына әкеліп соғады», – деді БҰҰ Балалар қорының баспасөз хатшысы Марикси Меркадо.
Қор өкілдерінің айтуынша, террористер мина тығылған сәбиді кішкентай қыздың қолына ұстатып жіберген. БҰҰ балаларды тірі бомба ретінде пайдаланатын әрекеттерді нағыз қатыгездікке санады.