Нигерия президенті Мұхаммед Бухари шетелде үш ай емделіп, еліне оралды. Енді ол үйінде жұмыс істемек. Себебі кеміргіштер оның кабинетінің интерьерін кеміріп тастаған деп жазады Qamshy.kz ақпарат агенттігі.
Нигерия президенті өкілі Гарба Шеху президент кабинетіне күрделі жөндеу жұмыстарын жүргізу қажет екенін хабарлады.
Мамыр айының басында 74 жастағы Бухари Британияға медициналық кеңес алу үшін ұшып кеткен. Ол келгенше елді вице-президент Йеми Осинбаджо басқарды.