Семейдегі Мұхтар Әуезов музейі «Қазақстанның жалпы ұлтық киелі орындары» жобасы аясында 100 нысанның тізіміне енді, - деп жазады Qamshy.kz ақпарат агенттігі altaynews.kz сайтына сілтеме жасай отырып. «Сакралды Қазақстан» ғылыми-зерттеу орталығының директоры Берік Әбдіғалидің айтуынша, аталмыш жоба аясында еліміздің ең көрікті табиғи ландшафт нысандары, археологиялық және сәулет ескерткіштері, сондай-ақ, діни орындары мен тарихи тұлғалар тұрған ғимараттары 100 нысанның тізіміне енген.
«Елбасының «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» атты мақаласында көрсетілген міндеттерді жүзеге асыру мақсатында осы жобаны қолға алдық. Жалпы, біздің орталықтың мамандары еліміздің киелі орындарын зерттей отырып, кейінгі жастардың бойына патриотизм сезімін ұялатып, олардың ерік-жігері мықты азамат болып өсуіне ықпал еткісі келеді», - дейді Берік Әбідғали.