АҚШ сәрсенбіден бастап Ресей бойынша виза беруді тоқтатты деп хабарлайды Qamshy.kz ақпарат агенттігі Ria.ru-ға сілтеме жасап.
Вашингтон мұны Ресейдегі дипломатиялық өкілдердің қысқаруымен түсіндірді. Бұған дейін Мәскеу АҚШ-тың Ресейдегі дипломатиялық миссиясын 755 адамнан 455-ке дейін қысқартуды қолға алған.
АҚШ елшілігі жаңа ереже Мәскеудің шектеулері алынғанға дейін қолданыста болатынын айтты. Мәскеу АҚШ-тың әрекетін жіті зерттегеннен кейін жауап беретініне уәде берді.