Бетін тұмшалап алатындарға қандай жаза қолданылатыны белгілі болды

/uploads/thumbnail/20170823111718088_small.jpg

Елімізде Дін істері және азаматтық қоғам министрлігі дін туралы заңнамаға өзгерістер мен толықтырулар енгізген болатын. Сол түзетулерде БАҚ-та жарнамаланатын және таратылатын деструктивтік идеологиялық ағымдардың киім түрлерін киюге шектеу қою көзделгенін атап айтып кеткен. Өз кезегінде кәмелеттік жасына толмаған жасөспірімдердің заңсыз діни ағымдарды таратуға қатысты жауапкершілікті де баса назарда ұстап отыр. Нақтырақ айтқанда беттерін тұмшалап, ниқаб пен паранжа киіп жүргендер енді 200 мың теңгеден астам айыппұл арқалауы мүмкін. Дін істері және азаматтық қоғам министрлігі жүзін жабатын киімдерге тыйым салатын заң жобасын қыркүйекте Парламентке таныстырмақ деп хабарлайды Qamshy.kz ақпарат агенттігі.

Дін істері және азаматтық қоғам министрі Нұрлан Ермекбаевтың айтуынша бұл заңның хиджабқа қатысы жоқ. Хиджабқа қарсы ешкім ештеңе демейді. Хиджабты паранжамен шатастыруға болмайтынын айтты.  Бірақ, министр, президент айтқан қауға сақал мен қысқа балаққа қатысты ештеңе айтпады.

Тағы да айта кететіні заң жобасында баласына екпе салдырудан бас тартқан ата-аналарға да жаза қарастырылған. Мұндай норма енгізуге былтырғы жылдың өзінде елімізде 10 мыңға жуық отбасының діни ұстанымдарын алға тартып, вакцина алуға қарсы шығуы себеп болған. Енді екпеден бас тартқан ата-аналарға 20 мың теңге көлемінде айыппұл төлейді.

Елбасымыз Нұрсұлтан Назарбаев «Қазір неше түрлі жағдайлар орын алып жатыр. Дініміз ислам, біз одан кеткеміз жоқ, оны қолдаймыз. Алайда, соның ішінде неше түрлі ағымдар бар. Сол ағымдарда жүрген жастарды біздер тәрбиелеп, жәрдем берулері керек» деген болатын.

Иә, әркімнің өз пікірі бар. Бірақ хиджаб пен паранжа екі түрлі нәрсе. Шатастырып алуға болмайды. Қазақ мұсылман халық. Сондықтан мұсылман өз ұлтының құндылықтарымен әркез санасып отырғаны абзал.

Қатысты Мақалалар