АҚШ Қарулы күштері Орталық қолбасшылығының басшысы Джозеф Вотел америкалық әскерлердің жарты тобы алдағы аптада Ауғанстанға жіберілетінін мәлімдеді, деп жазады Qamshy.kz ақпарат агентттігі.
Бас қолбасшының айтуынша, Вашингтон Ауғанстандағы соғыс барысына өз әскерлерінің тез арада әсерін тигізгенін қалайды. «Біз үшін ең маңыздысы – жауынгерлік жағдайға ықпал ету. Жаңа әскермен өтетін процесс бірнеше күнді, тіпті бірнеше аптаны алуы мүмкін», - деп жазды АР агенттігі бас қолбасшының айқан сөзін.
Алайда, нақты уақыты жайында айтылмады.
АҚШ президенті Дональд Трамп Ауғанстандағы терроризмге тоқтау салу үшін америкалық әскерлердің өкілеттілігін кеңейту керек екенін мәлімдеген. Осы мақсатта Ауғанстанға 4 мың әскер жіберетіні туралы жарлыққа қол қойды.