Үндістанда жолаушылар пойызы апатқа ұшырап, 40 адам зардап шекті

/uploads/thumbnail/20170823113455117_small.jpg

Үндістанның Уттар-Прадеш штатында жолаушылар пойызы жолдан шығып кетіп, 40 адам жараланды. Бұл туралы Qamshy.kz ақпарат агенттігі Росбалт-қа сілтеме беріп хабарлайды.

Әзірге қаза тапқандар туралы ақпарат жоқ. Жергілікті биліктің мәлімдеуінше, пойыз теміржол өткелінде жүк көлігімен соқтығысқан.

Қазіргі уақытта апаттың себептері анықталып жатыр. Айта кетейік, осыдан 4 күн бұрын да дәл осы штатта пойыз аударылып, 23 адам көз жұмып, тағы 150-ден астам жолаушы жараланған. Ол кезде апатқа жүргізушінің жолда жөндеу жұмыстары жүріп жатқанын білмей, жылдамдықты арттыруы себеп болды.


Қатысты Мақалалар