Дубайда бір тонна есірткіні қойдың ішегіне жасырып, шекарадан алып өтпек болған контрабандашы ұсталды деп хабарлайды Qamshy.kz ақпарат агенттігі life.ru-ға сілтеме жасай отырып.
Ол 5,75 млн. амфетафин таблеткасын қойдың ішегіне жасырған. Полиция қызметкерлері осындай бір тоннаға жуық есірткі салынған пакетті тапты.
Күдікті қой сататын мекемеде менеджер болып жұмыс істеген екен.