Журналистер Ұлттық экономика министрі Тимур Сүлейменовке қазақ тілін үйренуге қатысты берген уәдесін есіне салды деп хабарлайды Qamshy.kz ақпарат агенттігі Sputnik.kz-ке сілтеме жасап.
Естеріңізге сала кетейік, Тимур Сүлейменов жарты жыл бұрын қазақ тілін үйренетіне уәде берген.
Сүлейменов ақпан айының ортасында журналистердің қойған сұрақтарына жауап бере отырып, Мәскеуде 5 жыл тұрып, қазақ тілін ұмытып қалғанын айтқан. Ол жарты жылдың ішінде ана тілін үйренуге уәде берген.
Үкімет отырысынан кейін БАҚ өкілдері министрге уәдесін еске салды.
«Сіз қазақ тілінде жауап беретініңізді айтқансыз. Біз алты ай сіздің мазаңызды алмай, күттік. Біз өз уәдемізде тұрдық. Енді сіздің кезегіңіз. Жаңа Кеден кодексінің маңыздылығы турасында қазақ тілінде айтып беріңізші», – деді журналистердің бірі қазақ тілінде.
Тимур Сүлейменов сұраққа қазақша жауап берді.