АҚШ әскери коалициясы соққысынан Сирияның Ракка қаласында 80 адам көз жұмды

/uploads/thumbnail/20170823121011083_small.jpg

Сирияның солтүстігіндегі Ракка қаласына АҚШ басшылығымен халықаралық коалиция ұшақтары әуе шабуылдарын жасады. Салдарынан 78 бейбіт тұрғын көз жұмды деп хабарлайды Qamshy.kz ақпарат агенттігі РИА Новости-ге сілтеме беріп.

Мәліметтерге сүйенсек, әуе соққыларына дейін 48 сағат бұрын коалиция ұшақтары Джиза ауылына шабуыл жасап, нәтижесінде 20 адам қаза тапқан.

Сирия БҰҰ Қауіпсіздік кеңесін коалицияны таратуға шақырған болатын. Ал БҰҰ өз кезегінде бейбіт тұрғындардың өлімі нақтыланған жағдайда ғана әрекет ететінін білдірген.

Айта кетейік, АҚШ коалициясы Сириядағы ДАИШ мемлекетіне қарсы әскери операциясын 2014 жылдың тамыз айынан бастап жүзеге асырып келеді.

Қатысты Мақалалар