«Индустрияландыру картасы аясында 2010-2016 жылдар аралығында Астанада жалпы сома 232,6 млрд. теңгеге 24 жоба іске асырылды. Соның арқасында шамамен 3 мың жұмыс орны құрылды», – деді Кәсіпкерлік және өнеркәсіп басқармасы кәсіпкерлікті және өнеркәсіпті дамыту бөлімінің басшысы Азамат Рашитов.
Онымен бірге Индустрияландыру картасы аясында өндірістік өнімнің көлемі ағымдағы жылдың 7 айында 22,3 млрд. теңгеге немесе 2016 жылдың сол кезеңімен салыстырғанда 1,2 есе артып, 111,3 млрд. теңгені құрады. Ведомство мәліметтері бойынша жобалардың жүктемесі орташа есеппен алғанда 78 пайызды құрайды.