«Қазақстан – Польша арасындағы ынтымақтастық және оның даму болашағы»

/uploads/thumbnail/20170816185347717_small.jpg

Орталық коммуникациялар қызметінде ҚР Инвестициялар және даму министрлігі Инвестициялар комитеті төрағасының орынбасары Лариса Жұмағалиеваның, Польша Республикасының Кәсіпкерлікті дамыту агенттігі төрағасының орынбасары Нина Добжыньскаяның, «ЭКСПО-2017» көрмесіндегі польяк секциясының бас комиссары Анджей Стэфаньский мен Польшаның Қазақстандағы Елшілігінің өкілі Т.Запальскийдің қатысуымен Қазақстан – Польша экономикалық ынтымақтастығына арналған баспасөз конференциясы өтті деп хабарлайды Qamshy.kz ақпарат агенттігі.

Қазақстан және Польша арасындағы экономикалық байланыстарды күшейту, поляк инвестициялары, тауарлары мен қызметтердің қазақстандық нарыққа қатысуын кеңейту мақсатында, Польша Астанадағы ЭКСПО-2017 көрмесіне белсене қатысуда. «Болашақ энергиясы» атты поляк павильоны заманауи көмір технологиялары, өндірудің жасыл технологиялары, электрлік энергия мен биомассаны өндіру, сондай-ақ, энергетикалық нарықты  цифрландыру түрінде ұсынылған.

ЭКСПО-2017 көрмесіне поляк елі қатысуының ең басты оқиғасы Польшаның Президенті Анджей Дуданың Астанаға сапарының аясында өтетін Польша ұлттық күні және ү.ж. 6-7 қыркүйекте Қазақстан – Польша бизнес-форумы болады. Бұл  Қазақстан – Польша кәсіпкерлерінің екінші форумы болып табылады. Біріншісі Варшавада 2016 жылғы 23 тамыздағы Қазақстанның Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың Польшаға мемлекеттік сапарының аясында өткен. Өткен жылғы форумның нәтижесі екіжақты сауда-экономикалық және инвестициялық ынтымақтастықтың  айтарлықтай жандандыруға мүмкіндік бергенін атап өту керек: Польша Даму министрлігінің мәліметтері бойынша 2017 жылдың бірінші жарты жылының ішінде екіжақты тауар айналымы 601,9 млн.еуроны құрап, 2016 жылдың сол кезеңіне қарағанда 75%-ға ұлғайды; қазақстандық экспорт 90%-ға ұлғайып, 389,1 млн. еуроны құрады (2016 ж.-205 млн.еуро), ал Польша импорты 54,5%-ға ұлғайып 212,8 млн.еуро құрады (анықтама: ҚР ҚМ МКК мәліметтері бойынша 2017 ж. қаңтар-маусымда тауар айналымы $314,57 млн. ($432,13 млн. 2016 жылда - 37%-ға төмендеді), Экспорт - $171,8 млн., импорт – $142,74 млн. 2016 жылдағы тауар айналымының жалпы көлемі $759,4 млн.).

Бүгінгі күнде Форумға 240 поляк өкілдерінің қатысқандығы расталды, оның ішінде 140-тан астамы компаниялар. Польша Республикасының Кәсіпкерлікті дамыту агенттігі төрағасының орынбасары Н.Добжыньская атап өткендей, елордалық форумға тіркелген қатысушылардың саны поляк бизнесінің қазақстандық нарыққа қызығушылығын растайтын, көшпелі бизнес-форумдарды өткізу тарихындағы ең маңыздыларының бірі болып табылады.

Брифингтің қатысушылары форумды ұйымдастыру жаңа экономикалық ынтымақтастықтың бағыттарын талқылауға, соның ішінде «Бір белдеу, бір жол» Жібек жолы жобаларын дамыту жағдайы, сондай-ақ, іскерлік байланыстарды одан әрі кеңейту, экономикалық өзара әрекеттестіктің деңгейін  ұлғайту және Қазақстан Республикасына поляк инвестицияларын ұлғайтуға тамаша мүмкіндікті беретінін баса айтты. Іс–шараның маңызды компоненттері аймақаралық ынтымақтастық болады. Қазақстандық облыстармен тікелей байланыстарды орнату үшін Форумға маршалактар (әкімдер) басқаратын 5 поляк воеводстволар делегациясы (Лодзинск, Нижнесилезск, Свентокшышск, Подляск және Любельск) қатысады. Форумның қорытындысы бойынша қазақстандық және поляк компаниялары арасында экономикалық келісімдер жасау жоспарлануда.

ЭКСПО-2022 өткізу құқығы үшін Лодзь поляк қаласының қатысу тұрғысында,  ЭКСПО-2017 көрмесі поляк әріптестер үшін қазақстандық әріптестермен диалогты дамыту бойынша тамаша мүмкіндік болып табылады. Астананың сәтті тәжірибесін ескере отырып, бас комиссар А.Стэфаньский, қазақстандық және поляк тараптары арасында ЭКСПО көрмесін өткізу бойынша болашақта кеңестер ұйымдастыруды  ескертті.

Сондай-ақ, ү.ж. 7 қыркүйекте ЭКСПО-2017 көрмесі барысында поляк президентінің қатысуымен Польша Ұлттық күніне, Қазақстанда тұратын поляк диаспорасына арналған салтанатты шаралар өткізу көзделген. «Астана Балет» концерт залында гала-концерті, Польша Үлкен театрының қойылымы мен басқа шаралар өткізу жоспарлануда. 

Қатысты Мақалалар