Алдағы үш тәулікте күн ашық болады

/uploads/thumbnail/20170821152032910_small.jpg

Алдағы 3 тәулікте күн ашық болады. Бұл туралы Qamshy.kz ақпарат агенттігі Қазгидромет мәліметіне сүйеніп хабарлайды.

Синоптиктердің болжауынша, ел аумағы антициклон ықпалына түсетіндіктен, жауын-шашын күтілмейді. Қазақстанның тек батысында ғана өткінші жаңбыр жауып, жел екпіні күшейеді. Ал солтүстік, орталық және оңтүстік аумақтарында сынап бағанасы 36 градусқа дейін жетуі ықтимал. Елдің оңтүстік-шығысында ауа температурасы 30 градусты көрсетеді.

Қатысты Мақалалар