Қазақстанда 200-ден астам «Алтын белгі» иегерлері жоғарғы оқу орнында тегін оқу құқығынан айырылды. Бұл туралы Qamshy.kz ақпарат агенттігі КТК-ға сілтеме беріп хабарлайды.
Олардың ата-аналарының мәлімдеуінше, Білім министрлігі олардың сертификаттарын жоққа шығарған.
Абитуриенттердің сөзіне қарағанда 200-ден аса оқушы тегін білім алу мүмкіндігінен айырылған.
«Мен – Назарбаев мектебінің түлегімін. Тестілеуден 122 балл жинадым. «Алтын белгі» иегерімін. Маған Асфендияров университетіне түскенімді хабарлаған болатын. Ал енді олар гранттарды жойғанын айтып жатыр. Бұл неткен сұмдық!» – дейді Асем Есмұратова есімді абитуриент.
Аталған университетте Білім және ғылым министрлігінің бұйрығымен 220 гранттың күші жойылғанын айтты. Алайда оның себептері нақтыланбаған. Олардың 70-і С.Асфендияров атындағы медициналық университетке тиесілі.
Осы мәселе жайында Білім министрлігінің өзінде тегін білім беру сертификаттарының күшін жою туралы ведомствада ешкім бұйрық бермегенін жеткізген.