Германияның Оснабрюк қаласының маңында жолаушылар автобусы аударылды. Нәтижесінде 44 адам зардап шекті. Жолаушылардың басым бөлігі - румыниялық әйелдер. Бұл туралы Qamshy.kz ақпарат агенттігі Suddeutsche Zeiting мәліметіне сүйеніп хабарлайды.
Румыниялық әйелдер егіс алқабында еңбек етіп жүрген. Полицияның мәліметі бойынша, 6 адам жарақат алған, 28 адам ауруханаға жеткізілді.
Алдын ала мәлімет бойынша, көлік жүргізушісі автобусты басқара алмай қалған. Тағы бір дерек бойынша, көліктің тежегіші істен шыққан.