Kaspi Bank ұрылар туралы ақпарат бергендерге 5 млн. теңге сыйақы бермек

/uploads/thumbnail/20170824103606698_small.jpg

Kaspi Bank ұрылар туралы ақпарат бергендерге бес  миллион теңге береді, деп хабарлайды Qamshy.kz ақпарат агенттігі банктің баспасөз қызметіне сілтеме жасай отырып.

«22 тамыз күні Талғар қаласындағы Kaspi Bank бөлімшесіне қарақшылық шабуыл жасауға қатысы бар қылмыскерлерді ұстауға мүмкіндік беретін маңызды ақпаратты ұсынғандарға 5 миллион теңге сыйақы беріледі. Бұл ақпаратты банктің Қауіпсіздік қызметіне +7 747 388 29 34 телефоны арқылы хабарлауға болады», - деп жазылған хабарламада.

Еске сала кетейік ,22 тамыз күні  Алматы облысының Талғар қаласында орналасқан Kaspi Bank бөлімшесіне қарақшылық шабуыл жасалған болатын. Шабуыл кезінде 60 млн. теңге қолды болған. Ұрылар банкте бір сағат бұрын инкассация жүргізілгенін білген. Қарақшылар ғимаратқа шатырдан еніп, банк қызметкерлеріне шабуылдаған.

Қатысты Мақалалар