Әлемге әйгілі актер Джеки Чан Қазақстанда кино түсірмек. Бұл жайында «Қазақстан» РТРК АҚ төрағасы Ерлан Қарин өзінің Instagram парақшасында жариялады деп жазады Qamshy.kz ақпарат агенттігі.
«Астанаға келгеннен кейін Джеки елімізде кино түсіру ісіне өз қызығушылығын білдірді. Тіпті өзінің ойымен де бөліскен болатын. Сонымен қатар елімізден алған әсерін де айтып өтті. Астананың көркі мен халықтың қонақжайлығына және өз жанкүйерлерінің ілтипатына риза екенін жеткізді», – деп жазды Ерлан Қарин.
Айта кетсек, маусым айында Джеки Чан Астанаға келген болатын.