Трамп Ресейге қарсы санкцияларға наразы

/uploads/thumbnail/20170824111626399_small.jpg

Дональд Трамп  халықаралық істер комитеті бойынша  АҚШ Сенатының басшысы Боб Коркерді антиресейлік санкцияларды қабылдамауға көндірген деп хабарлайды Qamshy.kz ақпарат агенттігі Росбалт-қа сілтеме беріп.

Трамп бұл құжаттың өзінің президенттік қызметіне нұқсан келтіретінін айтса да, Коркер Конгресстің екі палатасы да санкцияларды жүзеге асыруға дауыс беретінін жеткізді.

Трамп бұл мәселе төңірегінде конгрессмендермен де келісе алмаған.

Еске салсақ, антиресейлік санкцияларды іске асыру Конгресстің көпшілік даусымен қабылданған болатын. 2 тамыз күні Трамп құжатқа қол қойды.

Қатысты Мақалалар