Ресейде ереуілге шыққандарды жаншып тастайтын КамАЗ жасап шығарды

/uploads/thumbnail/20170828123318040_small.jpg

Ресейде Владимир Путиннің саясатына қарсы шығып, ереуілге бастап шығушыларды тоқтатудың жаңа әдісі пайда болды. Оларды «Қалқан» жүйесі арқылы жаңадан шығарылған КамАЗ-дың көмегімен тоқтатады деп хабарлайды Qamshy.kz ақпарат агенттігі by24.org сайтына сілтеме жасай отырып.

Жаңадан ойлап табылған КамАЗ-дың фотолары «Калашников» атты қару-жарақтарды құрастырушының ресми сайтында жарияланды.

Аталмыш көліктің авторларының айтуынша, бұл бастаманы компания қызметкерлері көтерген. Бұл КамАЗ-дың басты ерекшелігі – онда ереуілге шыққан адамдарды мыжып тастайтын сырғу панелі бар гидравликалық жетегі болып табылады. Ол полиция қызметкерлері мен Росгвардия қызметкерлерінде болатын жүгіру тақталарымен, сонымен қатар бақылап отыра алатын әрі аталған қызметкерлер үшін қауіпсіз болып табылатын терезелермен жабдықталған. Қалқанның ашық жерлері адамдарға оқ атуға мүмкіндік береді.

Бұл КамАЗ-дың су атқылайтын тетігі де бар. Сол арқылы ереуілге шыққандардың үстінен су шашуға болады екен.

Айта кетер болсақ, ереуілге шыққандарды басып тастауға арналған мұндай КамАЗ ешбір елде жоқ.

Қатысты Мақалалар